300 шаңыраққа азық-түлік жеткізілді

300 шаңыраққа азық-түлік жеткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла сүйікті құлын өзгелерге сүйікті етіп қояды. Пендеге берер жақсылығы үшін сүйікті мүміндерін пайдаланып себепші етеді. Міне, осындай игілікке жаны құмар Бибі-Жамал Әбдімәлікқызының қалдырған ізгі жолы бақилық болса да жалғасын тауып келеді. 

"Әли Имран" сүресінде: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла толық біледі» делінген. Міне, ұрпағын Алла жолымен жүргуге, жақсылық жасауға үйреткен кеуананың қайырымдылығы әлі де жалғасын табуда.  

 Бүгін Қазақстанның барлық қалаларында Бибі-Жамал апаның қырқы ретінде балалары мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратуда. Әжейдің тәрбиесін көрген ұрпағы эпидемиялық уақытта адамдарды жинамай, әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға күнделікті азықтарын жеткізуді жөн көріпті. 

ҚМДБ-ның Жамбыл обысындағы өкілдігі бұл жетіні "қайырымдылық аптасы" деп жариялаған болатын. Осыған орай келген іс-шараға Һибатулла Тарази мешіті қолдау көрсетіп, еріктілер тобы 300 шаңыраққа азық жеткізуде. Мешіт тарапынан көліктерге жанармай құйып берілді. 

Әр жанұяға алынған қажеттіліктер шамамен 10 мың теңгені құрайды. Ал ұн, макарон, май сынды азық-түліктер 5 келіден үлестірілді. 

Жамал апаның жасаған игі амалдары көпке үлгі. Оның бірін Мақтаралда су тасып, Арыста жарылыс болғанда көрді жамағат. Жақсылық жасап өмірден озса да, артына жақсылық жасаушы ұрпақ қалдырған кейуананың жаны жаннатта болсын. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: