Жамбыл облыстық Һибатулла Тарази мешітінен бастау алған "Қайырымдылық аптасы" Мойынқұм ауданында да жалғасын тапты.
Ауыл мешіттерінің имам-молдалары халыққа ет, азық-түлік және ақшалай көмек көрсетті.
"Адамдарды жақсылық пен сауапқа жетелейтін мұндай қайырымдылық алдағы уақытта да тоқтаусыз жалғасады" - дейді ауыл молдалары. Тұрғындар өз жылы лебіздерін жеткізіп, алғыс білдірді.
Рысбай Еспенбетов
Мойынқұм ауданының имамы