286 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар алып берілді.
"Мектепке жол" науқаны аясында Жамбыл облысы бойынша оқушыларды оқу жылына дайындауға 1 871 000 теңге жұмсалды.
Әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж 273 жанұяға мектепке арналған барлық құралы бар сөмкелер сыйға берілді. Қайырымдылық шаралары мешітте өтіп, ал ауылды шалғай аумақта тұратын отбасылардың үйіне жеткізілді. Жүзі бал-бұл жанған бүлдіршіндер қуанышын жасырмады. Аталған қайырымдылыққа 1 414 000 қаражат жұмылдырылды.
Сонымен қатар, биылғы эпидемиялық жағдайға байланысты білім беру онлайн жүйесінде жүріп жатқанына байланысты 13 балаға әрқайсысы 35 мың тұратын samsungA01 смартфоны алып берілді. Су жаңа ұялы телефонға ие болған балалар "сабақты желі арқылы оқу енді жеңіл болатын болды" алғыстарын айтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі