Қайырымдылық - адам жанының нұры. Қасиетті Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар" деп бұйырған. Бұл игі амалды басты бағыттарының бірі еткен Алла үйі мұқтаждарға кезекті қайырымдылығын жасады.
Бүгін Меркі ауданында ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық өкілдігінің бекіткен қайырымдылық апталығы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілді.
3 балаға мектеп формасы алып берілсе, 2 жанұяға азық-түлік, ал 1 анаға 10 мың теңге қаражаттай көмек көрсетілді.
Аталған қажеттіліктерді Меркі ауданы "Меркі ата" мешітінің бас имамы Батырбек Қасымалиев табыстады.
Бүгінгі эпидемиялық қиын-қыстау кезеңде қандай көмек болмасын тұрғындар үшін аса қажет. Дәл осындай уақытта мешіттер қолдан келгенше жәрдем көрсетіп келеді. Қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да тоқтамақ емес.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Меркі аудандық "Меркі ата" мешітінің баспасөз қызметі