Бүгін ЖД158\4 мекемесінде сотталған азаматтармен діни жүздесу өтті. Шараға Әзреті Әли мешітінің бас имамы, РАНТ мүшесі Ғазиз Ахмет, Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы, АТТ мүшесі Бахтияр Амиреев арнайы барып, насихат жұмыстарын жүргізді.
"Намаз оқымағандар кәпір ме?" тақырыбында түсіндірме жасалып, жат ағыммен қарқынды жұмыс жасап жүрген дін мамандары темір торда отырғандарға ата дініміз бен өзге ағымның ара-жігін айыратын, дұрыс-бұрысын дәлелдейтін уағыз айтты.
Имамдар "күпірлік" сөзіне ерекше тоқталып, толықтай ашып айтып, аят-хадистерден нақты мысалдар келтірді. Сонымен қатар көпшіліктің сұрағына жауап беріп, дін мәселесіндегі көкейкесті ойларын түзетуге көмектесті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі