Медресе-колледжде білім күніне орай ашық сабақ өтті

Медресе-колледжде білім күніне орай ашық сабақ өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деп жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, қай заманда болмасын ілім алу бірінші орында тұру қажет. Сондықтан бабаларымыз: «Білім инемен құдық қазғандай» деп текке айтпаса керек. Раббымыз бізге: «Раббым! Менің білімімді арттыр!» деп дұға жасауды да үйретті. («Таһа» сүресі, 114). Келесі аятта: «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?» – деп білім иелерін ардақтайды («Зумар» сүресі, 9).

Оқу жылының басы 1 қыркүйек "Білім күні" келіп жетіп, көпшілік білімге ден қойды. 

Айтулы мерекеге орай, Һибатулла Тарази медресе-колледжінде ашық сабақ ұйымдастырылды. Дәріске оқу орнының директоры Қанат Жұмағұл, ұстаздар ұжымы мен шәкірттер онлайн режимінде қатысты.

Ашық сабақта хакім Абайдың 175 жылдығына және Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай өлеңдер оқылды. Ұстаздар мен студенттер екі алып тұлғаның шығармашылығын оқып, талдап, тереңнен қиыстырған ғибратты сөздерінің мәнін ашты. 

Қазақы қара өлеңнің қариясы болған дараның, екінші ұстаз атанған ұлы тұлғаның білімге байланысты сөздері ортаға салынып, кең насихатталды.

Ұстаздар тың малұматтар беріп, білім алушыларды қызықтырса, шәкірттер іліп алып, туындылар жайлы көзқарасын, алған ғибраттарын жеткізді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: