Қайырымдылық - адам жанының нұры. Жаңа бастама негізінде бұл жеті Жамбыл облысы бойынша "Халал апталығы" болып белгіленген болатын.
Осыған орай Һибатулла Тарази мешіті 5 отбасыға арнайы "Халал стандарт" сертификаты бар өнімдерді қайырымдылық есебінде тарту етті.
Әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж жанұяларға 5 дайын қамыр өнімі, 3 фарш, 2 колбасадан үлестірілді.
Алла тағала пендесіне жер бетіндегі нығметтердің халалын жеуді бұйырды. Адал ас - рухтың күшіне әсер етеді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі