Әйелдер жамағаты "Халал мен харам" жайлы уағыз тыңдады

Әйелдер жамағаты "Халал мен харам" жайлы уағыз тыңдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Һибатулла Тарази мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен "Халал мен харам" атты жиын өтті. 

Шарада сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева әйелдер жамағатына аталған тақырыпта уағыз жүргізді.

Халал мен харамның қалай ара жігін ашып, ажыратуға болады. Бұл дүние тек тағамда ғана емес, іс-әрекет, тұтынып отырған барлық заттарда, кәсіпте, қызметте де болатындығы жайлы тілге тиек болды. 

Нәзік жандыларды аса мұқият болуға шақырған ұстаз халал мен харам жайлы бүге-шегесіне дейін түсіндіріп берді. Насихат барысында жамағаттың сауалдарына жауап беріп, аят, хадистерден дәйекті мысалдар келтірді.

«Уа, пайғамбарлар қауымы! Адал, таза һәм пайдалы ас-судан жеп-ішіңдер, әркез игі іс істеңдер», - деп бұйырған. («Мүминун» сүресі, 51-аят).

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: