Имамдық қызмет - жан-жақтылықты, қырағылықты талап ететін жауапкершілігі мол мамандық. Аталарымыз жас балаға "молда бол" деп алғысын айтушы еді. Бұл батаның өзі Алла жолында еңбек етудің абыройлығын танытып тұр емес пе!
Бүгін Конституция күніне орай осы бір қызметте еңбегі еленіп, ерекше көзге түскен имамдарды Жамбыл облысы Дін істері басқармасы құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен марапаттады.
Жиында сөз сөйлеген Дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров дін саласындағы жетістіктерді тілге тиек етіп, алғыс хаттары табыстады.
Шарада ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев басқармаға өз рақметін айтып, ойын ортаға салды.
Тараз қаласының бас имамы Амантай Садиев болса, барша мамандарғы жемісті еңбек тілеп, жылы лебізін білдірді. Ал Провославие дінінің өкілі өз пікірін айтып, мамандарды құттықтады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі