Тараз қаласында Халал апталығы басталды (ФОТО)

Тараз қаласында Халал апталығы басталды (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Халал Даму» мекемесі және ҚМДБ-ның Жамбыл облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Халал өнімдерін стандарттау және сертификаттау» апталығы басталды.

Апталықтың ашылу салтанатына Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелидев пен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, Тараз қаласының бас имамы Амантай Садиев және технолог мамандар, жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Апталықтың басты мақсаты – халалдың маңыздылығын насихаттау, халал стандартқа сай өнім өндіріп, қызмет көрсететін кәсіпорындар мен қоғамдық тамақтану орындар санын арттыру.

Апталықтың алғашқы күнінде жергілікті имамдар мен кәсіпкерлерге арналып оқу-семинары жүргізілді. Отандық халал индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін «Үздік халал кәсіпорындар» марапатталды.

Бұдан бөлек,  жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен мұқтаж жандарға арнап қайырымдылық акциясы өткізілді.

Ал Халал апталығының алғашқы күнінде «Best Asian Trade» кәсіаорны мен «Кәусар» асханасына «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды.

Апталық барысында шұжықтың отаны саналған Тараз қаласындағы шұжық цехтары мен сертификатталған мекемелерде аудит жұмыстары жүргізіледі.

 «Халал Даму» ЖШС баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: