4 ауылдық округте діни жүздесу жасалып, қоғамды алаңдатқан түйікілді тақырыптар төңірегінде сүбелі әңгіме өрбеді.
Байзақ ауданына қарасты Мырзатай, Ынтымақ, Жалғызтөбе, Сазтерек ауылдарының тұрғындармен жүздесу үшін Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев ат артып, ауыл аралады.
Көпшілікке діни сауаттылықты арттыру, оның маңызы, діни сауатты адамның түрлі ағымнан ата дінін айыра алатындығы жөнінде насихат айтты. Білікті маман теріс ағымның алдын алу жолдары мен оның қоғамға зияны жайында тілге тиек етіп, тұрғындардың көкейкесті сауалдарына жауап берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі