ҚМДБ-ға қарасты «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінде 2020-2021 жаңа оқу жылына қабылдау емтиханы болды.
Жұқпалы аурудың тарап кетуінің алдын алуға байланысты техникалық-кәсіптік білім негізінде «Исламтану» мамандығының «Имам-хатиб» біліктілігіне құжат тапсырған талапкерлермен сұхбаттасу онлайн түрде орын алды.
Емтихан барысында Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежановтың төрағалығымен құрамын ҚМДБ Діни білім жəне кадр дайындау бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Серікбол Аршабаев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, медресе-колледж директоры Қанат Жұмағұл, сонымен қатар медресе-колледждердің арнайы пəн оқытушылары Боханов Наркес, Сейдикаримов Сәкен құраған комиссия мүшелері талапкерлердің жалпы білім деңгейін, діни көзқарасын, таңдаған мамандыққа қызығушылығы мен икемділігін анықтады.
Емтиханға Қызылорда, Атырау, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарынан келген 27 талапкер қатысты. Олардың 24-і сынақтан сүрінбей өтіп, оқу орына қабылданды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі