ҚМДБ Жамбыл өкілдігі нәтижелі жұмыс жүргізудің ерекше тәсілін қолға алды

ҚМДБ Жамбыл өкілдігі нәтижелі жұмыс жүргізудің ерекше тәсілін қолға алды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Енді Жамбыл облысының дін мамандары ҚМДБ бекіткен әр бағытқа ерекше көңіл аударып, апта сайын жетістік көрсеткішін арттыратын болады. Қалай дейсіз бе?

Кез келген істі жүргізудің әдісі, өзіндік методикасы болады. Ал үздік амал нәтижелі жұмыс кепілі емес пе! Міне, осы мақсатта мешіт жұмыстарын белсенді атқарып, әр бөлімге ерекше мән беру, көңіл бөлу, оны ары қарай дамыту мақсатында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев өз ұжымына жаңа жұмыс жүргізу тәсілін ұсынды.

Бас имамның айтуынша, әрбір апта белгілі бір бағытқа негізделеді. Мәселен, осы апта "Уағыз-насихат" аптасы болса, келер апта, "Баспасөз және интернет", оның арғы аптасы "Діни білімге" бағытталады. Осылайша, әр апталықта әдетте атқарылып жатқан жұмыстарды тоқтатпай жалғастыра отырып, белгіленген бөлімнің қызметіне аса зер салып, дамуына жұмыла ат салысатын болады. Бұл ұсыныс бір ауыздан қолдау тауып, өкілдік бұл әдісті іс жүзінде бастап та кетті. Осылайша, бұл жеті "Халал" аптасы деп жарияланды. Имамдар "Халал стандартымен" бірлесе жұмыс жасап қана қоймай, БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп, мақалалар жариялап, халыққа кеңінен насихат жұмыстарын жүргізіп, науқандарды да ұйымдастыруда.

Бір жеті бойы жасалған жұмыс әр дүйсенбіде өтетін облыстық мешіт жиналысында қорытындыланады. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, бұл бастама жұмыстың сапалы болуына қызмет етеді деген үміт бар. Ал келесі аптада Жамбыл мешіттері қай бөлімнің дамуына күш салатынын төмендегі кестеден көріңіз.

"Айла алтау, ақыл жетеу — айлаға ақыл қосылса, алдырмайтын екеу" деп жаңа қарқынмен іс бастаған мешіт қызметкерлеріне жеміс тілейміз.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: