53-белгі: Қахтан руынан бір адамның шығуы
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Қахтан (руынан) адамдарды асатаяғымен басқаратын бір кісі шықпайынша, Қиямет келмейді», – деген.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «адамдарды аса таяғымен басқаратын кісі» деуі – заман өзгеріп, адамдар бұзылғанда, бұл ізгі адам халықты туралыққа бастайды дегені.
54-белгі: Яһудилермен соғыс
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Мұсылмандар яһудилермен соғыспайынша, Қиямет келмейді. Мұсылмандар оларды қырады. Яһуди тас пен талдың артына тығылғанда, тас немесе тал: «Ей, мұсылман! Ей, Алланың құлы! Міне, яһуди менің артымда, кел де, оны өлтір!» – дейді.
Тек ғарқад (бұлай етпейді), себебі ол – яһудилердің ағашы», – деген. Бұл жағдай Дәжжал шыққанда жүз береді. Себебі яһудилер Дәжжалдың әскері сапынан орын алады.
asyldin.kz