Мұхаррам айының 3 ерекшелігі

Мұхаррам айының 3 ерекшелігі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Хижра бойынша мұсылман жыл санауының басталуы. Ислам тарихында мұсылман күнтізбесі Мұхаррам айынан басталады және бұл тақуа халиф Омардың (р.а.) билік жүргізген кезеңінде орын алған. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Шахруллахи’л-Мұхаррам» - «Мұхаррам – Алланың айы.

2. Әли мен Фатиманың ұлы Хүсейннің (р.а.) өлімі. Мұхаррам айы пайғамбарлардың өмірінде ерекше орын алған. Ең алдымен, Адам пайғамбардың (ғ.с.) тарихында, сосын Нұхтың (ғ.с.), Ибраһимнің (ғ.с.), Мұсаның (ғ.с.), Дәудтің (ғ.с.), Йакубтің (ғ.с.), Йусуфтің (ғ.с.), Аййубтің (ғ.с.), Йунустің (ғ.с.) және Ғисаның (ғ.с.) тарихында. Осы айда аталмыш пайғамбарлар (ғ.с.) Алланың ерекше мейіріміне бөленіп, әлдебір қиыншылықтардан құтылып отырған. Бұл айда ислам тарихындағы ең қайғылы қаза – Хүсейіннің (р.а.) қаза табуы орын алды.                                          3. Ораза. Ашура күні ораза ұстау исламға дейінгі уақытта да болған. Мединеде тұратын яһудилердің ораза ұстайтынын біліп Пайғамбарымыз (ﷺ) олардан: - Сендер қандай ораза ұстайсыңдар? – деп сұрайды. Яһудилер болса: «Бүгін Мұсаның жауларынан құтылған күн. Осы күні Мұса пайғамбар (ғ.с.) ораза ұстаған, сол себепті ризашылығымызды білдіріп, біз де ораза ұстаймыз» - деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Сендерге қарағанда Мұса пайғамбардың (ғ.с.) сүннетіне біз жақынбыз әрі ораза ұстау құқығына біз иеміз», - деп айта отырып, осы күні ораза ұстауға бұйырған (Әбу Дәуд, «Саум», 64). Сол кезде Рамазан айындағы ораза парыз болмаған уақыт болатын, алайда келесі жылдан бастап Рамазан айындағы ораза парыз болып бекітіліп, ал Мұхаррам айындағы ораза мұстахаб болған, яғни бұл күні ораза ұстау-ұстамау мұсылманның өз еркіне қалдырылған. Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын естеріңізден шығармаңыздар: «Ашура күнгі оразаны Алла Тағала өткен жылдың өтелімі ретінде қабыл етеді деп үміттенемін» (Мүслим). Бір күн ораза ұстау арқылы бүтіндей бір жылдың күнәсын өтеу – Алла Тағала жомарттығының тағы бір көрінісі.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: