Жамбыл өңірінің бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен Тараз қаласының бас имамы Амантай Садиев шаһардағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан жүз жылдан астам тарихы бар көне «Әулие ата» мешітінің жұмыстарымен танысып қайтты.
Сонымен қатар, қаладағы бірқатар мешіттерді аралап, жөндеу жұмыстарын қажет ететін мешіттерді анықтады. Аталған мешіттің бас имамына күрделі жөндеу жұмыстарының есебін өкілдікке апта сайын хабарлап отыру тапсырылды.
Алла үйінің хал-ахуалын реттеу - сауапты іс және жылдан жылға асыл дінімізді берік ұстанушылардың қатары артқан сайын мешіт тұрғызу, ескі мешіттерді қолданысқа жарамды ету де сұранысқа ие.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі