Жамбыл ауданына қарасты ауылдық мешіттерге кілем төселді. Атап айтсақ, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың тапсырмасына сай, Қызылқайнар ауылы "Бесеу ата" мешітіне 100 шаршы метр, Жасөркен ауылы "Қаратай Тұрысов" мешітіне 60 шаршы метр жайнамаз-кілем берілді.
Айта кету керек, аталмыш бұйым Республикалық "Хазрет Сұлтан" мешітінде қолданыста болған. ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің ұйымдастыруымен Республикалық "Хазрет Сұлтан" мешітіне Түркия мемлекетінен жаңа, сапасы жоғары кілем әкелініп төселінді.
Ал аталған мешітінің бұрын пайдаланған 9800 квадрат метр кілемі күтімі жақсы болғандықтан әлі де бірнеше жылға пайдалуға жарамды. Хазіреттің тапсырмасы бойынша аталған төсеніш Республика көлемінде қажет еткен мешіттерге бөлініп берілген болатын.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі