Ауыл тұрғындарымен діни жүздесу жасалды

Ауыл тұрғындарымен діни жүздесу жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Діни сауаттылықты арттыру, теріс ағымдардың алдын алу мақсатында Байзақ ауданына қарасты 4 ауылдық округте жиын өтті. 

Қызыл Жұлдыз, Бурыл, Көктал, Қостөбе ауылдарының тұрғындарымен жүздесуге ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі, орталық Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Бахтияр Амиреев арнайы барып қайтты.

Тұрғындарға діни сауат ашудың маңызын, ата дініміз бен өзге ағымның ара-жігін айырудың белгілерін баяндады. Қазақ халқы баланы медресеге оқуға беруден бастап, діни сауатты болғанын, бұл білімнің адам өміріндегі маңызын тілге тиек етті.

Айта кетейік, шара Байзақ ауданының ішкі саясаты бөліміның ұйымдастыруымен, Қазақстан студенттер альянсы қоғамдық қорының мұрындық болуымен іске асқан болатын.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: