Алланың үйіне кіріп келгенде тап-таза жайнамаз-кілемі жайқалып, мешіттің іші гүлдей аңқып, ерекше күйге бөлейтіні жаныңызды тынышталдырып, көңіліңізді елітіп әкетуіне жағдай жасайтыны рас қой! Маңдайыңды сәждеге тигізіп, әлемдегі ең таза орында жүрегіңіз әдеттегіден ерекше жай табады.
Еліміздің ең үлкен құлшылық орны Нұр-Сұлтан қаласындағы Хазрет Сұлтан мешітінің кілемі жаңартылды. Бұған дейін жалпы аумағы 17, 7 мың шаршы метрді құрайтын мешіт төсеніші ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен кілемі жоқ, я ескі шалғай жатқан аудан, ауыл мешіттеріне жіберілді.
Жамбыл облысы бойынша 8 сұраныс жасалып, барлығы қанағаттандырылды. Бүгін облыстың бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың қатысуымен өңірге келген 700 шаршы метр болатын кілем тиісті мешіттерге жөнелтілді.
Атап айтсақ, Жуалы ауданының 3 мешітіне, Жамбыл ауданы - 2, Шу ауданы - 1, Т.Рысұлов ауданына бойынша 2 мешітке.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): "Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері" - деген. Алла үйіне жағдай жасау - сауапты істердің сүйкімдісі екенін де есте ұстайық.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі