Бас имам Меркі ауданында іс-сапарда болды

Бас имам Меркі ауданында іс-сапарда болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауданымызда карантин жағдайына байланысты орын алған оқиғаның анығын зерделеп, анық-қанығына көз жеткізу үшін облыстың бас имамы Мырзагелдиев Бейбіт келді. Шұғыл жиын өткізіп, жиында аудан әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің дін істер бойынша облыс өкілі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері және «Жақсымбет ата», «Қарабала Төре», «Жүніс молда» мешіттерінің имамдары қатысты.

Жиынды ашқан облыстың бас имамы елімізде орын алған карантинге байланысты мәлімдеме жасап, ҚМДБ-ның Қазақстан аумағындағы мешіттерге шыққан пәтуа жайында түсініктеме жасады. Мешіттер келушілер үшін жабық, ал енді діни рәсімдер орындалуда, онда да жаназа кезінде 10-адамнан артық болмау керектігі, жиын аста да шектеу бар екендігі жайында айтылды. Осы шешімдерге қарсылық танытып жатқандар кездеседі. Құрметті имам-молдалар сіздер ол адамдармен түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, намаз жамағат болып оқуға болмайтындығын түсіндірулерің керек, уақыт өте жамағат болып мешіттерде намаз оқып, қауышатын күндер болады.

Бас имам сөзін қорыта келе, имам-молдаларға мемлекеттік қызметкерлерге еліміздің амандығына, жаман індеттің өршімеуіне өз үлесін қосып бірлесе қызмет жасай беріңіздер дей келе бата жасап, «Жақсымбет ата» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысып облысқа аттанып кетті.

Меркі ауданы «Меркі ата» мешіті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: