Тараз: Құрбандыққа мал шалу рәсімі басталды

Тараз: Құрбандыққа мал шалу рәсімі басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла тағаланың өзі бекіткен ұлыстың ұлы мерекесі қасиетті Құрбан айтты бүгін бүкіл әлем мұсылмандары тойлап жатыр. Алла разылығы үшін құрбандық шалынып, мұқаждың қуанатын, жамағаттың шүкір қылатын күндері бұл. 

Алла Құран Кәрімде: "Раббың үшін намаз оқы құрбан шал!" деп бұйырды. Әлемді жаулаған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде құрбандық шалудың онлайн режимі орнатылды. Аурудың өршіп кетпеуінің алдын алу мақсатында qurban2020 сайты іске қосылып, құрбандық шалушылармен байланыс орнатылып жатыр. 

Бүгін айттың бірініші күні Жамбыл облысының рухани жүрегі Һибатулла Тарази мешітінде осы уақытқа дейін келіп түскен онлайн тасырыс бойынша құрбандық шалынып, шалушыға есебі 10 секунттық видео негізінде whatsapp желісі бойынша жеке-жеке жолдануда. Видеода ниет білдіруші есімі аталып, Алладан қабыл болуын тілеп, малды бауыздағаны да көрсетілген. 

Келіп түскен сұраныс бойынша 1138 отбасыға ет таратылатын болады. Арнайы құрылған еріктілер тобынан Тараз қаласы бойынша 31 көлік жасақталған.  Әр көлік 20 отбасыға құрбандыққа шалынған малдың етін үйді-үйге жеткізіп отырады. Барлық шара карантин талаптарына сай атқарылуда. Қалада 10 қасапшы, 2 қасапхана қызмет етуде.

Бүгінге дейін Тараз қаласынан келіп түскен тапсырыстарды атап айтсақ: 9 ірі қара, 45 тоқты, 40 қой, 2 ешкі. Тұрғындардан әлі де тапсырыстар келіп түсуде. 

Алла тағала шалынған құрбандықты қабыл етіп, мол сауаптан жазсын. Баршамызға Құрбан айт құтты болсын! 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: