ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА БАС ИМАМЫ МЕШІТТЕРМЕН ТАНЫСТЫ

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА БАС ИМАМЫ МЕШІТТЕРМЕН ТАНЫСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тарихы бай көне Тараз шаһарының  бас имамы қызметіне жаңа тағайындалған Амантай Әбілдаұлы қала мешіттерін аралап,  мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Бас имам танысуды көне ескерткіштер қатарына жататын «Әулие ата» мешітінен бастап, жалпы карантин кезіндегі сақтық шаралардың жүзеге асуын, мешіттердің ішкі және сыртқы тазалығын қадағалады.

 Амантай Әбілдаұлы 32 мешіт имамдарымен жүздесіп, Алла жолында бірлесе отырып абыройлы қызмет етуге шақырып, карантин талаптарының орындалуын және де қосымша тапсырмалар жүктеді. 

Мешіт имамдары жаңа бас имамды жақсы қарсы алып, қызметі жемісті, берекелі болсын деп дұға етті.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: