Тараз қаласының бас имамы Садиев Амантай «Адалдық алаңы» атты телебағдарламаға арнайы шақырылып, тікелей эфирде сұхбат берді.
Эфирде кез келген мемлекеттің іргесін ыдырататын, болашағына балта шабатын жеті түрлі жағдай туралы айтылды.
"Дінсіздік, жетімнің малын жеу, әскерден қашса, жазықсыз адам өлтірсе, пара беріп, пара алу, ары таза, намысты қыздарды қорласа, мамандығы емес, басқа бір істің қызметіне араласу - міне, осы 7 жағдай мемлекеттің ыдырап, құлдырауына әсер етеді," - дей келе, дін маманы осы әрекеттерден аулақ болуға шақырды.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі