Исі мұсылманның қасиетті, ұлық мерекесі Құрбан айтқа дайындық барысы тексерілді.
Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Тараз шаһарындағы қасапханаларды аралады. Аталған мал сойылатын арнайы орындардың тазалығын, карантин шараларына сайлығын бақылады.
Бүгінде мейірімге толы мейрамда құрбан шалу үшін қалада 2 қасапхана мен 10 қасапшы маман сақадай сай тұр.
Бас имам дайындыққа баға беріп, қосымша тапсырмалар жүктеді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі