Екі мүгедек баласы, аялап отырған қызы бар Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғыны Шырын Жиенбаеваға "Зекет қоры" үй сыйлады.
Баспаналы болдық деп жүзі жадырай қуанған анаға бүгін тұрғын үй кілті табысталды. ҚМДБ-ның бастамасымен жүргізіліп отырған жоба осымен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріліп отырған 243-ші үй.
Қуаныштан бал-бұл жанған шаңырақтың шаттығына ортақтасып, кілтін табыстауға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев арнайы барып қайтты.
Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі бала асырап отырған ана үй алып беруге көмек көрсету үшін өтініш тастаған болатын. Комиссия мүшелерінің тексерісінен кейін шешім қабылданып, оған балалар да, анасы да қуанды.
Бас имам сонымен қатар ауылдың Ақбөпе есімді тұрғынына 200 мың көлемінде жәрдем жасады. Жиын соңында имам жанұяға, кішкентай балапандарға амандық, береке тілеп, бата берді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі