Жуалы жұртшылығына қаржылай көмек берілді

Жуалы жұртшылығына қаржылай көмек берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің өзі осы өңірге арнайы ат басын бұрып, Жуалы ауданындағы індет жұқтырып ауырған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қаржылай көмек қолын созды.

Орталық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде өткен қайырымдылық шара барысында 10 отбасыға 30 мың теңгеден табысталды. Игілікке жалпы 300 000 теңге қаражат жұмсалды.

Келген адамдарға Бейбіт қажы Мырзагелдиев жылы лебізін білдіріп, әлем бойынша індеттің зардабын тартып жатқанын, пандемияны жұқтырғандар саны артып жатқанын айтып, далада кішкентай бүлдіршіндердің не ұстап, немен ойнап жатқанына қадағалауды, ел қабырғасын сынақ қайыстырғанда бір-бірімізге демеу болып, бірлесе жеңетін індет екен тілге тиек етті.

Сырқаттанған адамдардың айығып кетуін тілеп, ел амандығы үшін дұға жасап, бата берді. Жәрдем алғандар шын жүректен алғыстарын білдірді.

 Жуалы аудандық баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: