Тараз: 4 500000 теңге қаржылай көмек берілді

Тараз: 4 500000 теңге қаржылай көмек берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
  • Облыстық мешіт 150 отбасыға 30 мыңнан табыстады. 

Еліміздің тыныштығын бұзып, қаралы үйдің санын көбейте түскен тәж киген тажал індет әлі де басылмай тұр. Көптеген отбасыны жұмыссыз қалдырып қана қоймай, жақындарын да алып кетуде. 

Сын сағатта сыналып қиындыққа тап болған жанұяларға Жамбыл облысының рухани жүрегі болған Һибатулла Тарази мешітінің ұйымдастыруымен, кәсіпкер азаматтардың атсалысуымен көмек көрсетілді.

Облыс бойынша еліміздегі карантин шараларына байланысты әлеуметтік жағдайы төмен 150 отбасыға 30 мың теңгеден үлестірілді. 

Мешіт имамдары аудандарға арнайы ат басын бұрып, көмекті табыстап қайтты. Қайырымдылық шарасына жалпы 4 500 000 теңге жұмсалды. 

Жәрдем алғандар шын жүректен алғыстарын жеткізіп, қариялар батасын берді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: