Облыстық мешіт науқас отбасыларға 1,5 млн қаржы жұмсады

Облыстық мешіт науқас отбасыларға 1,5 млн қаржы жұмсады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысының рухани жүрегі болған орталық Һибатулла Тарази мешіті өңірдегі індет жұқтырған, мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті. 

Шу қаласы, Меркі, Мойынқұм, Шу, Т.Рысқұлов аудандарына арнайы ат артып барған облыстың наиб имамы Бахтияр Амреев әр ауданнан 10 адамға дәрі-дәрмекке қажетті қаражатты табыстады. Жалпы 50 адамға 30 мың теңгеден қайырымдылық жасалып, шараға 1,5 млн қаржы жұмсалды. 

Қайырымдылық жасау - ҚМДБ бекіткен мешіт жұмыстарының басым бағыты. Осы бір кезекті игілікті атқару үшін аудан аралаған дін маманы көпшілікке облыс бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың жылы лебізін жеткізіп, ел амандығы үшін дұға жасады.

Ел қабырғасын сынақ қайыстырғанда бір-бірімізге демеу болып, бірлесе жеңетін індет бұл. Құран Кәрімде Алла Тағала: «(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» деп игілікке шақырғанын айта кетейік.  

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: