Облыстық Һибатулла Тарази мешіті Жамбыл ауданындағы індет жұқтырған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созды. Облыстың бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың өзі өңірге арнайы ат артып барып қайтты.
Орталық "Бәйдібек" мешітінде өткен қайырымдылық шарасында 7 отбасыға 30 мың теңдеген табысталды. Игілікке жалпы 210 000 теңге қаражат жұмсалды.
Осы орайда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Садақа беру ешқашан байлықты кемітпейді», - деп игілікке шақырғанын айта кетейік.
Тәж киген тажал пандемияны жұқтырғандар саны күн санап артуда. Күн өткен сайын өршіп келетін аурудан Алла амандық беріп, бақилық болғандарды мейіріміне бөлесін!
Ақерке Бекқұлова
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі