Тараз қаласындағы Молда Мұхаммеджан мешітінің бас имамы Нұралы Бақытұлы қызметінен босатылып, облыстық Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.
Дін мамандарының қызмет орнын ауыстырып отыру – жамағатпен жұмыс жасауда, діни білімді жан-жақты жеткізуде тиімді әдіс. Бүгін мешіт қызметкерлерінің алдында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Бас мүфтидің бұйрығын оқып, маманды жаңа қызметімен құттықтады.
Айта кетейік, Нұралы Бақытұлы Мысырдағы Әл-Азһар университетінің түлегі, дін саласында тәжірибесі мол білікті маман.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі