Тыныс алу аппаратына қаржы аударды

Тыныс алу аппаратына қаржы аударды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ауасымен жаратылған жер шарында тыныс ала алмай қаншама отандасымыз дүниеден озды. Елімізге қара бұлттай төніп келген пневмония көп адамды тыныс алу аппаратына мұқтаж етіп қойды. 

Расында адам баласы Аллаға ғана мұқтаж. Алланың қалауымен өмірмен арпалысып жатқан бауырларымыздың сынақтан аман қалуы үшін ел болып осы бір құрылғыны алуға ат салысып жатқаны мәлім.

Осындай бір игілікке ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторы өз үлестерін қосты. Сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаеваның бастамасымен тыныс алу аппаратын алуға Зекет қорына 80 мың теңге қаражат аударды. 

Бір адамның болсын ауруына ем боларлық амал жасауды шын жүректен қолға алған осындай нәзік жандыларға Алла разы болсын!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: