Елімізге қара бұлт болып төнген пандемия өрши түсіп, отандастарымыздың көбі вирус жұқтырды. Осындай қысылтаяң уақытта бір-біріне көмекке ұмтылған халқымыздың игі амалы көз сүйсіндіреді.
Тәж киген тажал ауру дін мамандарын айналып өтпеді. Бүгінде Жамбыл облысы бойынша науқастанып жатқан 10 имамның отбасына қаржылай көмек берілді.
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігінің ұйытқы болуымен қолға алынған шара ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының облыс имамдарымен өткен онлайн жиында берілген тапсырмасына сай жүзеге асырылды.
Көмек алған мамандардың қатарында 4 маман Тараз қаласынан болса, өңір аудандары мен ауылдардан 13 имам-молда бар. Атап айтсақ:
1. Қанат Жұмағұл, Һибатулла Тарази медресесі
2. Әмір Әбжаппар, Һибатулла Тарази мешіті
3. Кенжемолдаев Алмас, Тектұрмас мешіті,
4. Умирзаков Нуртуган, Жаңатұрмыс мешіті,
5. Төреқұлов Нұрбол, Тамды ауылдық мешіті,
6. Амиров Сейдхахамилидин, Ақкөл ауылдық мешіті,
7. Ибатов Еркін, Сырысу ауданы, Түркістан ауылы Ақмолда мешіті
8. Солтанбек Нұрбол, Қордай аудандық мешіті,
9. Байсеитов Дыбысбык, Күнбатыс ауылы, Жарқожатегі Ыбрайымұлы Еділбек мешіті
10. Джиенбаев Нурлан, Бетқайнар ауылы,
11. Шерниязов Ғалымжан, Өтеген ауылы,
12. Қайыпбергенов Ахат, Қаратау қаласы,
13. Көпбосынов Асхат, Тәтті ауылы,
14. Алимбеков Дархан, Ақермен ауылы" Ғаббас" мешіті,
15. Касымалиев Батырбек , "Меркі ата" мешіті, Меркі ауданы,
16. Үрпеков Қуат, Шу қаласы ЖӘМИ мешіті
17. Құлыбек Ердәулет, Шу аудандық Төле би мешіті.
Имамдарға 30000 теңге қаражаттан табысталды. Дәрі-дәрмек алып, ем шараларын жүргізуге көмек көрсету мешіттің күнтәртібінде тұрған мәселе.
Алла тағала ауырып жатқан барлық бауырларға шипа беріп, елімізді сынақтан амандықта болуды нәсіп етсін.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі