Сүйінші! Һибатулла Тарази медресесі колледж атанды

Сүйінші! Һибатулла Тарази медресесі колледж атанды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Білімі мен біліктілігі келіскен исламтанушы, имам хатиб мамандарды даярлап шығарып, елімізде өзіндік орны бар білім ордасы атанған Һибатулла Тарази медресесі мемлекеттік жаңа лицензияға ие болды.

Жаңа жатақхана, спорт зал сынды ғимарат тұрғызып, барлық талаптарға сай болған білім беру орны бүгін колледж-медресе атауын алды. 

Айта кетейік, Һибатулла Тарази медресесі алғаш рет 2012 жылы студенттерге есігін ашқан болатын. 

Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Оқу жоспарына сай шәкірттер дәріс тыңдап, практикалық, зертханалық сабақтарға қатысады, өзіндік жұмыспен айналысады, аралық бақылау барысында курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады.

Медреседегі оқу үдерісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген және ҚР БҒМ-мен келісілген экспериментальды оқу жоспарының негізінде жүргізілуде. Оқу бағдарламасына діни пәндермен қатар зайырлы пәндер де енгізілген. 

Колледж атанған оқу ордасы биылғы 2020-2021 жылға абитуренттерді қабылдайды. Толығырақ төмендегі суреттерден ақпарат ала аласыздар.

Ақерке  БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (3)

Оқи отырыңыз: