Елімізде карантин жарияланып, адамдардың қиын жағдайға тап болуына байланысты Тараз қаласындағы «Құлбай баба» мешітінің имамы Талғат Асанұлының ұйытқы болуымен жамағат ат салыса отырып қайырымдылық шарасы іске асырылды.
Тараз қаласына қарасты Шөлдала саяжайының 80 мұқтаж отбасына азық-түлік таратылды. Тұрғындарға Талғат Асанұлы осындай қиын кезеңдерде дұға етудің, Аллаға жақындаудың маңыздылығы туралы уағыз айтты.
Әр отбасына 1 қап ұн, 1 қап күріш, ет және тағы басқа қажетті азық-түліктер үлестірілді.
20 қой сойылып, жалпы 2 300 000 теңге қаржы жұмсалды.
Ковид вирусынан қайтыс болғандарды еске алу күні болғандықтан көпшілік бауырларымыздың рухына дұға жасап, Алладан халық амандығын сұрады.
«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі