Бүгін 13 шілде - Жалпыұлттық аза тұту күніне орай ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуіне үн қосып, Жамбыл өңірінің дін мамандары 6 рет Құран хатымын жасады.
Облыстың бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев бастаған имамдар, ұстаздар, мешіт қызметкерлері, аудан имамдары қосылып, хатым дұғасын оқыды.
Санаулы ғана ұлтымызды ажал құштырып, біреудің анасын, екіншінің әкесін, тағы береудің ет жақынын алып, қаралы үйдің шаңырағын күзеткен індет күн санап өршіп келеді.
"Әрбір қазақ жалғызым" демекші, бұл еліміздің қаралы оқиғасы. Осы бір аурудан дүние салған отандастарымызға Құран сауабын бағыштап, Алладан шипа сұрау мақсатында жасалған игі іс карантин уақытанан бері жалғасын тауып келе жатыр.
Алла барша қандастарымызға сауығып кетуді жазып, елімізге тыныштық, берекені нәсіп етсін!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі