Әйелдер жамағаты індеттен шипа сұрап, құрбандық шалды

Әйелдер жамағаты індеттен шипа сұрап, құрбандық шалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елімізді жалын отындай жалмап, талай адамды ажал құштырған тажал ауру әрбіріміздің жалғызымыз болған жақынымызды алды. Қайғыдан қан жұтып, қаралы болып отырған отандастарымыз бен күллі қазақ елі үшін бүгін аза тұту күні. 

Барған сайын өрши түскен аузы қан алып індеттен шипа сұрап, Алласына алақан жайған исі мұсылман Құран оқып, үздіксіз дұға етуде. 

Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен құрбандық шалынды. Облыстық Һибатулла Тарази мешітінде өңірдің бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев пен сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаеваның қатысуымен мал сойылып, дұғасы жасалынды. Шара соңына құрбан малының еті мұқтаж отбасыларға таратылды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: