13 шілде - Жалпыұлттық аза тұту күніне орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен мешіт ұстаздары және шәкірттері қосылып 1 күнде 2 рет Құран хатымы жасалды.
Жамбыл өңірінің нәзік жандылары өз үйлерінде отырып, Құран сүрелерін бөліп алып, Алланың кәләмін толықтай екі рет оқып шықты. Ел амандығын тілеп, Раббысынан шипа сұрап, марқұм болған отандастарымызға Құранның сауабын бағыштап, хатым дұғасын жасады.
Ел басына туған сынықта ең алдымен сабыр сақап, Алладан дұға тілеу - игі, де көркем амал. Бас мүфтидің үндеуіне осылайша үн қосқан әйелдер жамағаты Құран хатымын карантин уақытында үзбей оқып келгенін естеріңізге сала кетейік.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі