Тараз: Ел амандығы үшін құрбандық шалынды

Тараз: Ел амандығы үшін құрбандық шалынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
  • Пандемия туғызған дүрбелеңнен шипа сұрап, құрбандық шалынды. 

Мұсылманның ең мықты қаруы - дұға. Елімізде кең тараған вирустан қайтыс болғандар саны артып, ауырғандар есебінен тіптен шатасытын деңгейге жетті. 

Осынау қиын сәттерде шипа мен ем болатын алғашқы амал - мұсылманның дұғасы. Көпшілік Құран хатымын жасап, намазда да, берген садақаларында да Алладан еліміз үшін амандық сұрауда.

Бас мүфти: «Ел басына қиындық туған осындай алмағайып сәттерде бабаларымыз құрбан шалып, Алладан медет сұраған. Қазіргі уақытта жұқпалы аурудың кеңінен тарауы елімізді, жұртымызды сарсаңға салды. Қаншама ел азаматтары ауырып жатыр, дүние салып жатқандары да бар. Мұндай қиын кезеңде құрбан шалып, көбірек истиғфар, салауат айтып, Жаратқаннан медет, шипа сұрауымыз қажет» деп атап өткен болатын.

Осы бір мақсатта бүгін Жамбыл облысының барлық өңірлерінде құрбандық шалына бастады. Алғашқы болып орталық Һибатулла Тарази мешітінде 1 ірі қара, 1 ұсақ мал шалынса, бұл қатарға Меркі сынды басқа аудандар да қосылып жатыр.

Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев қатысып, дұға жасап, Алладан медет сұрады.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: