Жамбыл имамдары онлайн жиналыста бас қосты

Жамбыл имамдары онлайн жиналыста бас қосты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Һибатулла Тарази мешінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтің ұйымдастыруымен онлайн режимдегі жиналыс өтті.

Жиынға облыстық мешіт, қала, аудан имамдары қатысты. Бүгін Бас мүфтимен өткен төралқа мәжілісінде айтылған мәселелерді өңірдегі мамандарға жеткізген бас имам пандемия кезіндегі діни рәсімдерді санитарлық талаптарға сай ұйымдастыру; биылғы түлектерді жұмысқа орналастыру және жаңа оқу жылына талапкерлер дайындау; онлайн уағыз-насихат пен Құран хатым оқуды жандандыру; алдағы Құрбан айт мерекесіне дайындық жасау; халықты жұқпалы аурудан сақтандыру мақсатында онлайн садақа беруді қолға алу жайлы тапсырмалар берілді.

Санитарлық талаптарды қатаң сақтау, халыққа психологиялық қолдау білдіріп, көбірек истиғфар, салауат айту және садақа ниетімен құрбандық шалуды ұйымдастыру жайы талқыланды.

Осындай сын сағаттарда бірлікпен, қатаң шараларды ұстана отырып, Алладан дұға тілеп қиындықты жеңейік, дейді имамдар.

Бас имам аудандағы хал-ахуалды сұрап, нақты тапсырмаларды әр маманға шегелеп тапсырды. 

Жиналыс соңында Т.Рысқұлов ауданының бас имамы Сұлтаншәріп қажы Джадыраев еліміз үшін шипа сұрап, бата берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: