Бір аптада бір рет Құран хатымы жасалуда. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өңір бойынша Құран оқып, елдегі болып жатқан пандемия, халықтың ауырып, қайтыс болғандар санының артуына байланысты көпшілікпен Алладан дұға сұрау мақсатында дін мамандары мен жамағат Алланың кәләмін қолға алды.
Ауқымды шараға барлық аудан имамдары ат салысуда. Һибатулла Тарази мешіт-медресе қызметкерлері бір топ, облыс имамдары бір топ болып, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ат салысуымен мешіттің әйелдер жамағаты бір топ болып аптасына бір рет Құранды хатым етуде.
"Көпшіліктің дұғасы қабыл" демей ме? Алладан пана сұрап, елімізге амандық тілеген көпшілік бұл игі амалды үздіксіз жасап, келе жатқан-ды.
Алла елімізге қара түнектей басып кірген вирустың тоқтап, бұқараның сауығып кетуін жазсын!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі