Асарға кел, баспанасызға баспана сыйла

Асарға кел, баспанасызға баспана сыйла

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мемлекет тұрмысы төмен үйсіз азаматтарға қарайласып, түрлі бағдарламалар бойынша пәтермен қамтамасыз етіп жатқаны белгілі. Дегенмен елімізде баспанаға мұқтаж азаматтарымыз әлі де көп. Осы олқылықты жоюды Байзақ ауданы әкімдігі қолға алып, «Асарлатып баспана салу» жобасын іске қосты.

Жоба бойынша облыстағы 300-ден астам ауыл, елдімекенде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға үй салу жоспарланып отыр. Жалпы, Байзақ ауданында үйсіз азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында бастау алған бұл шараға қолдау білдірген Жамбыл облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлының «Осылай асарлату қажет, осындай жобаларды облыстың барлық аудандарында қолға алу керек» деген ұсынысына Жамбыл облыстық Дін істері басқармасы мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі қолдау білдіріп, бұл игі істі насихаттауды бастап кетті.

Әрине бұл ауыл тұрғындары үшін, жалпы баспанасыз жүрген отбасылары үшін үлкен көмек.  Осы сауапты іске мешіттеріміз де өз үлесін қосып келеді.

Жақында Байзақ ауданында екі бірдей баспананың құрылысы басталды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің тапсырмасына сәйкес Байзақ аудандық мешіті тұрмысы төмен 2 отбасыға баспана салуды қолға алды. Осы істің басы-қасында жүрген Байзақ аудандық мешіті 1 баспананы, облыстық Һибатулла Тарази мешіті 1 баспананы тұрғызуды міндетіне алды. Байзақ аудандық әкімдігі аудан орталығы Сарыкемер ауылында арнайы жер телімін бөліп, баспана құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.

Құрылыс нысанына Жамбыл облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Еркінбек Солтыбаев арнайы келіп, асарға өз тарапынан қаражат салды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, ауыл азаматтары, мешіт жамағаттары да бұл игі істен сырт қалмай, қолдан келген көмегін көрсетіп жатыр.

 Байзақ мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: