Спорт мектебіндегі басқосу

Спорт мектебіндегі басқосу

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дүйсенбі күні ауданның бас имамы Ғайырфулла қажы Әмірбеков Аса балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен кездесті. «Өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру» тақырыбында әңгіме өрбітіп, елдегі жағдайға тоқталды. Ислам діні жайлы айтып, Құран Кәрімнен, хадистерден мысал келтірді.

– Елдегі жағдай бәрімізге белгілі. Қауіпті дертке байланысты ел арасында, әлеуметтік желілерде айтылып жүрген алып-қашпа әңгімелер көп. Дегенмен тәртіпке бағынуымыз қажет. Сақтық шараларын сақтауымыз керек. Талап та, тәртіп те бәрімізге бірдей.
Адамзаттың асылы, Алланың елшісі Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) жұқпалы індет таралған кезде үйден шықпай отыру керектігін бұйырған. «Егер сіз қандай да бір жерде оба пайда болғанын естісеңіз, ол жерге бармаңыз және егер оба сіз тұрған жерге жетсе, онда ол жерден кетіп қалмаңыз», – делінген хадисте. Қазақ діннен бөлек өмір сүрмеген. Аузында Алласы болған. Ислам діні мен ұлттық салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды сабақтастыра білген. Ғұлама ойшылдарымызды алып қарасақ, барлығының діннен хабары болған. Отан отбасынан басталатын секілді, дінде отбасынан басталады. Ислам діні зұлымдықты құптамайды, қайта бейбітшілікті, бауырмалдықты насихаттайды, – деген Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлы ата-ананың қадірі, діни экстремизм мен терроризм, жат ағымдар, ұлттық патриотизм туралы кеңінен сөз қозғады.

Соңынан сөз алған спорт мектебінің директоры Самат Өміралиев ғибратты әңгіме, тұщымды ой айтқан Ғайырфулла қажы Қуанышбекұлына ұжымы атынан рахмет айтты.

Жамбыл аудандық "Бәйдібек" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: