Медресе түлектері емтихан тапсырды

Медресе түлектері емтихан тапсырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Һибатулла Тарази медресесінің шәкірттері сынақтан өтті. Қорытынды емтихан әлемді жайлаған пандемияға байланысты арнайы сақтық шараларын сақтауға арналған ережелер арқылы жүргізілді. 

Емтиханды комиссия төрағасы, Бас мүфтидің кеңесшісі Балтабай Мекежанов және комиссия мүшелері ҚМДБ Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков  Шымкент медресе-колледжінің ұстазы Өмірбек Сарыкеев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев, Һибатулла Тарази медресесінің директоры Қанат Жұмағұл қабылдады.

Бас қаладан ат артып келген комиссия төрағасы Балтабай Мекежанов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бітіруші тілектерге ыстық сәлемін жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі.

Студенттер Құран, фиқһ, араб тілі пәндері бойынша алған білімдерін сынға салып, емтиханды ойдағыдай тапсырып шықты. 

Емтихан билет алып, ондағы сұрақтарға және комиссия тарапынан қойылған сауалдарға ауызша жауап беру түрінде жүргізілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: