Covid-19 вирусынан шипа сұрап, құрбандық шалынды

Covid-19 вирусынан шипа сұрап, құрбандық шалынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұңғыш Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың да пандемияны жұқтырғаны белгілі болды. Осыған орай, Тараз шаһарының кәсіпкер азаматының ұйытқы болуымен Елбасы мен еліміздің көшбасшысы, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың, бұқара халықтың жаман індеттен аман болуын сұрап, Алла жолында шипа сұрап, құрбандық шалынды.

Тектұрмас кесенесі аймағындағы мешітке арнайы барып, мал сойып, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев Құран оқып, ел амандығы үшін дұға жасады. 

Садақа - бәле-жалаларды аластатады. Құрбан шалу - Алланы ұлықтауды әрі мұсылмандардың бір-біріне деген жанашырлығын білдіреді. Осындай игі мақсатта игі садақа жасаған азаматтардан Алла разы болсын!

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: