Түзету мекемесімен жұмыс жасайтын имамдардың жиналысы өтті

Түзету мекемесімен жұмыс жасайтын имамдардың жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Һибатулла Тарази мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың басшылығымен түзету мекемесінде насихат жұмыстарын жүргізетін дін мамандарымен кездесу өтті. Шараға Һибатулла Тарази мешітінің  наиб имамы Бахтияр Әмреев те қатысты.

Түрмедегі сотталған азаматтармен жұмыс жасайтын имамдардың басын қосу мақсатында жасалған жиында жұмыс барысы сөз болып, мамандардың жағдайы, жұмыс жоспары талқыланды. 

Айта кетейік, Тараз қаласында 5 түзету мекемесі бар. Әр мекемеге 2 имамнан барып, дәріс жүргізіп, арнайы оңалту жұмыстарын жасайды. Теріс ағымдағы сотталған азаматтармен тілдесіп, ойларынан қайтару, тәлім-тәрбиелік үгіт жүргізіп, ата дініміз исламды түсіндіреді. Бүгінгі таңда бұл бағытта 10 маман қызмет жасауда. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: