Жамбыл ауданында діни кешенді жұмыстар жасалуда

Жамбыл ауданында діни кешенді жұмыстар жасалуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың төтенше жағдайдан кейінгі шаралар бойынша берген тапсырмаларына байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы және дін проблемаларын зерттеу орталығының мамандарынан арнайы жұмыс тобы жасақталып, әлеуметтік сала бойынша бекітілген іс-шаралардың желілік кестесіне сәйкес арнайы жұмыс жасалуда. 

Кезекті жиын Жамбыл ауданы Бәйдібек мешітінде өтті. Арнайы жұмыс тобының құрамында Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаров, Дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы К.Жұмекеева, облыстық Һибатулла Тарази мешітінің найб имамдары Ержан Аманбаев пен Б.Әмреев, басқарманың бас маманы Е.Әскенұлы, орталық инспекторлары А.Құлымбетов және Б.Құлназаров болды. Іс-шараға ауданға қарасты ауыл имамдары қатысты. 

Дін мамандары бас қосқан сүбелі жиында келілі сөздер айтылып, ауданның хал-ахуалы тілге тиек болды.

Жангелді Омаров өз сөзінде ынтымақ, тыныштық, мешіт тазалығы жайлы сөз қозғап, зерделеу жұмыстарын жасады. Имамдармен тілдесіп, ауылдағы мешіттердің жағдайын сұрады. 

Ал Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев «Жеті рухани қазық» тұғырнамасы бойынша мешіттің келушілеріне, әсіресе жастарға мұсылманның тұлға бойынан табылуы тиіс имандылық, бірлікке болысу, еңбекқорлық сияқты негізгі жеті көркем сипаттары тұрғысынан насихаттау қажеттілігін атап өтті.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

Меркі ата мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: