Облыстың бас имамы Талас ауданға келді

Облыстың бас имамы Талас ауданға келді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысындағы бас имамы  Бейбіт Мырзагелдиев жұмыс сапарымен Талас ауданына келді. Қызметке жаңа кіріскен облыстың бас имамының аймаққа жасаған алғашқы сапары аудандық «Қаратау» мешітте ауылдық округі имамдарымен кездесуден басталды. Бас қосу барысында Бейбіт Әліпбекұлы коронавирус індетінің жаппай таралуы елдегі мешіттердің жұмыс жасауына кедергі болып отырғандығын жеткізді.

-Өздеріңізге мәлім, пандемияға байланысты Рамазан айында діни рәсімдерді тоқтатуға мәжбүр болдық. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Үндеу жарияласа, Ғұламалар кеңесі ортақ пәтуәға келді. Орын алған жағдайға түсіністік танытқан жамағатқа ризашылығымызды білдіреміз,-деген облыстың бас имамы сын сәтте әріптестерін ауызбіршілік танытып, ауырпалықты бірге көтеруге шақырды. Сондай-ақ, Б.Мырзагелдиев ауылдық округі имамдарымен жеке-жеке пікірлесіп, өтініш- тілектерін тыңдады. Кездесуде дін қызметкерлері тарапынан көтерілген кейбір мәселелерге қатысты ой бөлісіп, түйіткілдерді назарда ұстайтындығын айтты. Және Аудандық «Қаратау» мешіті жаныныдағы сауат ашу крусының жаңадан екінші қабатының соғылып жатқан құрлыс жұмыстарымен танысты.

Мұнан соң облыстың бас имамы қаладағы бой көтеріп жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Тиісті жұмыстары толықтай аяқталса, бұл қаладағы үшінші имандылық үйі болмақ. 350 адамға арналған мешіттің қазіргі таңда қабырғасы қаланып, күмбезін орнату жұмыстары жүргізілуде. Сәтін салса, алдағы көктемде ел игілігіне беру жоспарда бар.

Ерекше үлгідегі мешітті аралап, жұмысшыларды сөзге тартқан  Бейбіт Әліпбекұлы игі іске тілеулестік танытты.       

Талас аудандық «Қаратау» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: