1 МАУСЫМ - Балаларды қорғау күні: Қуанса, бала қуансын!

1 МАУСЫМ - Балаларды қорғау күні: Қуанса, бала қуансын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Балаларды қорғау күні» деп белгіленген елеулі күнді барлық балалар асыға күтеді. Бұл балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты және жыл сайын күтетін басты мерекелерінің бірі. Жаздың жаймашуақ алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін бұл мерекенің тарихы әріде. Әлем назарын бүлдіршіндердің құқығын, өмірі мен денсаулығын қорғауға аудару мақсатын көздейтін халықаралық мерекенің маңызы зор. Сондықтан да, бұл мерекені тойлаудан еш бала шет қалмауы тиіс.

Осыған орай, 1 МАУСЫМ - Балаларды қорғау күні көпбалалы жанұяларға сый жасалды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Аласаеваның ұйытқы болуымен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиевтың қатысуымен 9 баланы асырап отырған берекелі отбасымен, 7 баласы бар мерекелі жанұяның шаңырағына арнайы барып, сыйлықтар табысталды.

Шаңыраққа азық-түлік, ал бүлдіршіндерге түрлі ойыншықтар сыйға тартылды.  Бас имам балдырғандармен қал-жағдай сұрасып, батасын берсе, сектор жетекшісі "балалы үй базар" деп, баланың Алла берген ұлы сый екенін тілге тиек етті. 

Жүздері қуаныштан бал-бұл жанған балалардың бейнесін төмендегі суреттерден тамашалаңыздар.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: