Балаларды қорғау мерекесінде тәтті таратылды

Балаларды қорғау мерекесінде тәтті таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін 1 маусым – балаларды қорғау күні. Осыған орай, Меркі аудандық Меркі ата мешітінің ұйымдастыруымен бүлдіршіндерге 100 торт, 100 балмұздақ таратылды. Іс-шарада ауданның бас имамы Батырбек Қасымалиевтың өзі болып, балдырғандардың көңілін аулады. 

Әрбір жас өркен «балалық балдәурен шағын» көңілді әрі мәнді өткізсе дейсің. Нағыз қабілетті кезінде білім мен тәрбиені тал бойына сіңіріп өскен жас келешекте кемел тұлға болып қалыптасары сөзсіз.

Баланың бақыты өмірді нұрландырады. Пайғамбарымыз хадисінде: «Кімнің баласы болса да, онымен балаша қарым-қатынас етсін»,-деген. Міне, осы бір келешегіміз болған балаларға тәтті беріп, көңілін қуантып, жүзін нұрландыратын күн болды бүгін. 

Алланың елшісі балаларға сәлем беріп, олардың жағдайын білетін. Балалармен әзілдесіп, олардың көңілін көтеру арқылы тәрбиелейтін. Аталған шара пайғамбар (с.ғ.с.) сүннетіне сай амал болған-ды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

Меркі ата мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: