Облыс имамы Сарысу имамдарымен кездесті

Облыс имамы Сарысу имамдарымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

      Облыс имамы Бейбіт Әліпбекұлы Сарысу ауданына жасаған сапарында аудандық мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты. Сарысу аудандық мешітінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын көріп, жасалып жатқан жұмыстарға ризашылығын білдірді. Кейін мешітте жиналып отырған ауыл имамдарымен жүздесіп, әрқайсысымен жеке-жеке сұхбаттасты. Мешіт тынысы мен имамдардың  әлеуметтік жағдайларын сұрастырды. Имамдарға дін қызметінің  негіздерін айқындап, ауыз бірлікте асыл дінімізге бірлесе қызмет етуге шақырды. Өздері қызмет етіп отырған мешіттерге көбірек көңіл бөлінуі керек екені баса айтылды. Мешіттегі жамағаттың, қала берді ауылдың әрбір тұрғынының басындағы қиындықтарға көңіл бөлуіміз керек екенін тілге тиек етті.

    Өз кезегінде ауыл имамдары да облыстың бас имамының аранайы келіп осындай кездесу өткізгеніне, әрқайсысының мәселелеріне жеке тоқталып қамқорлық танытқанына өз ризашылықтарын жасырмады. Өздеріне артылған сенімді ақтау үшін бар күш-жігерлерін аямайтынын жеткізді.

      Жиын соңында Бейбіт Әліпбекұлы Сарыағаш медресе-колледжінің түлегі, ауданның тумасы  Нарт Нұр Жеңісұлымен Сарысу аудандық мешітінде қызмет етуі жайында сұхбаттасты. Елге діни қызмет жасаудың қаншалықты абыройлы іс екенін айтып, келешекте жақсы қызметімен танылған, ауыл мешіттерінде қызмет жасап жүрген мамандарға барынша қолдау көрсететінін жасырмады. Бұл да болса діни қызметте жүрген жастар үшін үлкен мотивация екені айтпаса да түсінікті. Жиын соңында ауданның ең жасы үлкен имамы Нұрманов Тәуекел қария бата берді.

          Имамдармен кездесуден кейін Дегерес елді мекенінде орналасқан бұрынғы аудандық мешіт болған «Жаңатас» мешітін зиярат етті. Облыстың бас имамы мешіттің жақсы жерде орналасқанын айта келіп: «Көрші ақысы, Тәңір ақысы» – деген, мешіттің жанында орналасқан үйлерге де мұқтаждығы болса көмектесіп тұрудың абзал екенін айтты.

Шадиев Алмат

 Сарысу аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: